Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.
Қазіргі уақытта полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды.
«Мал ұрлығы үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мал иелері өз малын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмағаны жөн», – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




