Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров өзінің туған қаласы — Степногорск қаласына келді. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған халықаралық бокс турниріне қатысты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Ерзат Серғазин Instagram-парақшасында жазып, комикпен бірге түскен суретін жариялады. Жас боксшыларға арналған жарыс 20–25 сәуір күндері Степногорск қаласында өтіп жатыр.
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокс турниріне Степногорск тумасы, танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров қатысты», — деп жазды Серғазин.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 ақпанда Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын. Қазақстанға оралған әзілкеш әлеуметтік желідегі барлық жазбаларын өшіріп, оқиғаға қатысты ресми пікір білдіруден бас тартты. Ол бұл мәселемен заңгерлері айналысып жатқанын ғана айтып, қысқа қайырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Шымкентте ақша бопсалаған топ ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Блогер марқұм Мұхтар Шахановтың немерелерімен кездескенін желіде жариялады
- авторОймақ
- 23 сәуір, 2026





