Руханият

Блогер марқұм Мұхтар Шахановтың немерелерімен кездескенін желіде жариялады

Ақынның екі ұлынан тараған 9 немересі бар – олардың бесеуі ұл, төртеуі қыз.

Қазақтың абыз ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өткеннен кейін көпшілік оның әулеті мен ұрпақтары жайлы көбірек білуге қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әлеуметтік желіде өзін Бекзат Саттархан деп таныстырған азамат Түркістан облысындағы ақынның туған ауылына барып, отбасы мүшелерімен кездескенін айтты. Оның мәліметінше, ақынның екі ұлынан тараған 9 немересі бар – олардың бесеуі ұл, төртеуі қыз.

Ақынның ұлдары Рауан 2021 жылы, ал Қуаныш 2025 жылы дүниеден өткен. Қуаныштан Елқанат пен Нұрмерей есімді екі бала қалған.

Жарияланған видеода ақынның кіші келіні, Рауанның жары Жаңагүл және олардың балалары – Әділ, Нұрмұхаммед, Ұлтқыран, Елсұңқар, сондай-ақ қыздары Сәтмөр, Асыл, Балнұр көрсетілген. Автордың айтуынша, жас буын ата жолын жалғауға ниетті, жігерлі ұрпақ ретінде өсіп келеді.

Желі қолданушылары да ақын әулетіне ізгі тілектерін білдіріп, олардың болашақта да текті дәстүрді жалғастыратынына сенім білдіруде.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 84 жасына қараған шағында өмірден өтіп, туған жері Отырар өңіріне жерленді.