"Палау орталығындағы" өртке қатысты жаңа деректер айтылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Щучинск қаласындағы дәмханада болған өртке қатысты жаңа деректер белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл қайғылы оқиға бірнеше адамның өмірін қиған еді. Жақында өрттен зардап шеккен тағы бір 48 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін «Палау орталығының» иесі ұсталып, екі айға қамауға алынған болатын.
Енді іске қатысты жаңа тұлғалар анықталды: автогаз құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші ұсталды. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деп күдіктелуде.
Күдіктілер сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады деп толықтырды қадағалау органындағылар.