бейсенбі, 23 сәуір, 2026 11:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оразалы Ержанов ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

Оразалы Ержанов ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды
Бұл туралы журналист Вадим Борейко мәлімдеді.

22 сәуір күні Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Бұл туралы журналист Вадим Борейко мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі, заңгер Оразалы Ержановқа Қылмыстық кодекстің 150-бабы бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру бойынша қозғалады. 

Істі судья Руслан Мұратбеков қарап жатыр. Алдын ала тыңдау барысында қорғаушы Виталий Воронов қылмыстық-процестік заң талаптары бұзылғанын алға тартып, істі тоқтату немесе прокурорға қайтару жөнінде өтініш білдірген. 

Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Іс бойынша негізгі сот отырысы 28 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар