жексенбі, 19 сәуір, 2026 12:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

АҚШ Иранға қарсы әскери-теңіз операциясын кеңейтуге дайындалып жатыр – WSJ

АҚШ Иранға қарсы әскери-теңіз операциясын кеңейтуге дайындалып жатыр – WSJ
Фото: freepik
АҚШ Иранға қарсы әскери-теңіз операциясын кеңейтуге ниетті.

Вашингтон алдағы күндері Иранмен байланысты кемелерді Таяу Шығыстан тыс халықаралық суларда тоқтатып, тәркілеуге дайындалып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, АҚШ қарулы күштері Иранмен байланысты мұнай танкерлеріне түсіп, халықаралық суларда коммерциялық кемелерді басып алуға әзірленіп жатыр.

– АҚШ қарулы күштері алдағы күндері Иранмен байланысты мұнай танкерлеріне десант түсіріп, халықаралық сулардағы коммерциялық кемелерді қолға түсіруге дайындалуда. Осылайша Вашингтон әскери-теңіз операциясын Таяу Шығыс шекарасынан тыс аймақтарға шығармақ, – делінген мақалада.

Ақ үйдің мақсаты қандай?

The Wall Street Journal пікірінше, Ақ үй бұл қадам арқылы Иранға экономикалық қысымды күшейтпек. Мақсат – Тегеранды Ормуз бұғазын қайта ашуға және ядролық бағдарлама бойынша келісімге келуге мәжбүрлеу.

17 сәуірде Тегеран 8 сәуірде жарияланған уақытша бітім аяқталғанға дейін Ормуз бұғазын барлық коммерциялық кемелер үшін ашатынын мәлімдеген еді. Бұл шешім Ливандағы атысты тоқтату жөніндегі келісім аясында қабылданған.

Трамп санкцияны жұмсартудан бас тартты

АҚШ президенті Donald Trump өз кезегінде тараптар бейбіт келісімге қол жеткізбейінше Иран порттарына қойылған блокаданы алмайтынын мәлімдеді.

Ол Тегеран Ормуз бұғазын енді жаппауға уәде берді және болашақ келісімнің барлық шарттарын, соның ішінде ядролық бағдарламаны тоқтатуды қабылдады деп мәлімдеген.

Алайда Иран парламентінің өкілі Мохаммад-Багер Галибаф бұл сөздерді жоққа шығарды.

– Бұл – медиа соғыс және қоғамдық пікірді манипуляциялау әрекеті, – деп айыптады ол АҚШ президентін.

Иран шешімін өзгертті

18 сәуір, сенбі күні Иран Ормуз бұғазы қайтадан «қатаң бақылауға» алынғанын жариялап, оны кеме қатынасына ашу туралы бұрынғы шешімнің күшін жойды.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар