сенбі, 18 сәуір, 2026 14:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Баян Алагөзова «Қыз Жібек» қамзолына қатысты дауға жауап берді

Баян Алагөзова «Қыз Жібек» қамзолына қатысты дауға жауап берді
коллаж
Ол сын айтқандарға жауап беріп, тарихи киімнің өз қолына қалай өткенін тарқатып айтты.

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолға қатысты әлеуметтік желіде өршіген талқылауға пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Алагөзованың сөзінше, бүгінде қызу талқыға түскен бұл бұйым ұзақ уақыт бойы ешкімнің есінде болмаған.

«Мен өзім де қатты таңғалдым. Неге бұл қамзол 50 жылдан астам уақыт ешкімге керек болмады? Неге осы уақытқа дейін ешкім іздемеді? Әйгілі фильмнің костюмдері қайда? Оларды кім сақтап қалды? Шынын айтқанда, ешкім сақтамаған», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, қамзол ешқандай ресми тізімде жоқ және жылдар бойы жеке адамның қолында сақталған.

«Бұл киім ешкімге міндетті емес. Ол ешбір құжатта тіркелмеген. Оны бір қарапайым әйел үйінде сақтап келген. Кейін сол кісі бұл бұйым сенімді қолда болғанын қалап, маған беруді дұрыс көрді. Мұражайда шаң басып тұрғаннан гөрі, қадірін білетін адамда болғанын жөн санаған», – деп түсіндірді Алагөзова.

Айта кетейік, бұл жағдай қоғамда тарихи мұраның тағдырына қатысты қызу пікірталас тудырып, мәдени құндылықтардың сақталуы мәселесін қайта көтерді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар