жұма, 17 сәуір, 2026 18:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Баян Алагөзова "Қыз Жібектің" қамзолын киіп алған: қоғам қызу талқылап жатыр

Баян Алагөзова "Қыз Жібектің" қамзолын киіп алған: қоғам қызу талқылап жатыр
SN.kz коллажы
"Бұл жилет – ұлттық киноның белгісі".

Танымал продюсер Баян Алагөзованың "Қыз Жібек" фильміндегі басты кейіпкер киген қамзолды жеке иелігіне алғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, бірнеше маңызды сұрақ көтерді.

"Мәдени дүмпу дегенің осы! Егер бұл шынымен де "Қыз Жібек" фильмінің түпнұсқа реквизиті болса, ол қалай жеке адамдардың қолына тиді? Бұл – біздің ұлы суретшіміз Гүлфайрус Исмайылованың қолымен жасаған, мәдени шедеврдің реквизиті. Неліктен ол "Қазақфильм" қорына, мұрағатқа немесе мемлекеттік мүлікке жатпайды? Бұл жилет – ұлттық киноның белгісі. Сондықтан да бірнеше сұрақ туындайды: неліктен оны мұражайға өткізбеді? Неліктен бұл мұра бір олигархтың әйеліне берілді? Қандай негізде? Оны сыйлыққа сатып алған кім? Неге өркениетті елдердегідей ашық аукцион болмады – сол жерде кино жұлдыздарының костюмдері аукционға шығарылады ғой? Мәдениет министрі Аида Балаева ханым, "Қыз-Жібек" – қазақ киноөнерінің ұлттық шедеврі, ал бас кейіпкердің жилеті – бүкіл бір кино дәуірінің символы. Оның орны – бай әйелдің гардеробында емес, Ұлттық музейдің шыны сөресінің артында", – деп жазды журналист.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар