Қоғам

Қарағандыда мотоцикл жүргізушілері опат болды

Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына түсіп, екі адам көз жұмды.

Жол апаты 16 сәуірде сағат 21:00 шамасында Шет ауданы Ағадыр кентінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі мотоцикл бір бағытта қозғалған. Жол апатынан мотоциклдердің 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.