Президент елшілерді қабылдады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық елдермен конструктивті әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттер басшыларына ізгі сәлемін жолдады.