Түркиядағы атыс: 9 баланың өмірін қиған оқушының мектептегі видеосы тарады
Бұл видео бұған дейін сабақ барысында түсірілген.
Түркияның Қахраманмараш қаласындағы Оникишубат ауданында мектепке қарулы шабуыл жасаған оқушының бейнежазбалары тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл видео бұған дейін сабақ барысында түсірілген.
Бейнежазбада оқушының мінез-құлқы ерекше назар аудартады. Сыныптасы тақта алдында жауап беріп тұрған кезде, жасөспірім бір орында отыра алмай, үнемі мазасызданып, агрессия белгілерін көрсеткен.
Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, қарулы шабуыл салдарынан тоғыз адам қаза тапқан.