"20 минут шейіт болған 3 баланың мүмкін өмірін алып қалар еді": Олжас Құспеков жедел қызметке кедергі болмау керек екенін айтты
Жедел қызметтердің жолын бөгейтін кез келген кедергіні заңмен реттеу қажет.
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков төтенше жағдайлар кезінде жедел қызметтердің кедергісіз қозғалуына қатысты мәселе көтермек. Ол тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көліктері мен басқа да шұғыл қызметтерге арналған арнайы жолақтар әрдайым ашық болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Депутаттың сөзінше, мұндай талап заң жүзінде нақты реттелуі керек, ал кедергі келтіретін тосқауылдар басқа тәртіппен қарастырылуы қажет.
Олжас Құспековтің айтуынша, төтенше жағдайда әр минут қымбат, сондықтан жедел қызметтердің жолын бөгейтін кез келген кедергіні заңмен реттеу қажет.
Айта кетейік, 12 сәуірде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан бір әйелді күйік шалған. Сондай-ақ пәтерден үш баланың денесі табылған.