Мәдина Ералиеваның еш жерде жарияланбаған жазбасы тарады
Желі қолданушысы Әсет Ақмолда жеке парақшасына салған.
Желі қолданушысы Әсет Ақмолда жеке парақшасында қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Ералиеваның күнделігінен алынған естелік жазбаны бөлісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған жазбада әншінің өміріндегі ең маңызды жандар – жалғыз ұлы мен бауырына деген алаңдаушылығы айқын көрінеді. Ол ұлының әкесі белгілі режиссер Болат Атабаев екенін айтып, олардың өнер жолындағы тағдырлары мен өмірлік қиындықтары туралы шынайы сыр шертеді.
Айта кетейік, Мәдина Ералиева 2000 жылдың 27 қарашасында жол апатынан қайтыс болған.