Блогерлер тағы 600 млн теңге салық төлеуі тиіс – министр
Елімізде 854 блогер табыстарын 72 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Бұл туралы Қаржы министрі Ержан Біржанов айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 7 блогерге қатысты тексеру жүріп жатыр. Олардың қосымша саналған салық мөлшері 10 млн теңгеден асады.