сейсенбі, 14 сәуір, 2026 19:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Блогерлер тағы 600 млн теңге салық төлеуі тиіс – министр

Блогерлер тағы 600 млн теңге салық төлеуі тиіс – министр
Фрипик
Елімізде 854 блогер табыстарын 72 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Oimaqnews.kz.

Бұл туралы Қаржы министрі Ержан Біржанов айтты.

- Біз блогер, журналист немесе сауда-саттық орнында сауда жасайтын субъекті деп бөлмейміз. Барлық салық төлеуші салық заңнамасы аясында міндеттемелерін орындауы тиіс. Ол - заңда, Салық кодексінде көрсетілген міндет. Дегенмен, бұл санатқа (блогерлер) мониторинг жүргіземіз. Бір жылдың ішінде 1 586 хабарлама 854 блогерге жіберілді. Олардың табысы 72 млрд теңгеге төмендетілгені туралы хабарлама берілді. Соның аясында жұмыс істелінді. 622 блогер қосымша салық нысандарын тапсырды. Табыстарын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтып, 1 млрд теңгедей салық төледі. Енді тағы 600 млн теңге салық төлеуге нұсқама берілді, - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 7 блогерге қатысты тексеру жүріп жатыр. Олардың қосымша саналған салық мөлшері 10 млн теңгеден асады.

- Егер осы шаралардан кейін өз еркімен төлемесе және сомасы жоғары болса, онда құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы өндіреміз. Өкінішке орай олардың аты-жөндерін айта алмаймыз. Салық құпиясы саналады, - деді Ержан Біржанов.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлгі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Хамзаны ұстады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар