Астанадағы тұрғын үйде болған қайғылы өрт салдарынан үш бала көз жұмды. Қаза тапқан балалардың үлкені – Айзере туралы оның жаттықтырушысы жүрек тебірентерлік естелік айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде Берік Адам есімімен танымал жаттықтырушы марқұм шәкіртіне арнап видео жариялаған. Оның айтуынша, Айзере ерекше мейірімді, тәрбиелі бала болған.
"Үш баланың үлкені – Айзеренің ЛФК жаттықтырушысы болдым. Отау ағасы – Қабылқазы бауырымызға және барша жақындарына Алла сабырлық берсін… Жанаргүл ханымға Алла шипасын берсін… Біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Балалардың топырақтары торқа болсын", – деді жаттықтырушы.
Бұл қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





