Президент кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығында бір топ ғалымға «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілгені жазылған.
Мемлекет басшысы сондай-ақ бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Марапаттау рәсімінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана жетекшісі Сәрсенбек Монтаев, Генетика және физиология институтының қауымдастырылған профессоры Анастасия Перфильева, Ядролық физика институты Астана филиалының аға ғылыми қызметкері Әлішер Мүтәлі сөз сөйледі.
Марапаттау рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен бірге суретке түсті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






