Ұлытаудағы қылмыс: азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді
Марқұм әйелдің артында төрт баласы қалды.
Ұлытау облысында 33 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелін 20 рет пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұм әйелдің артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Жәйрем кентінде болған. Марқұмның жасы 42-де. Артында төрт баласы қалды. Өзінің дүкені бар әрі бірнеше пәтерін жалға береді екен. Күйеуімен ажырасқан ол өзінен тоғыз жас кіші жігітпен көңіл жарастырған. Марқұмның туыстары күйеу бала азаматтық некедегі әйеліне де, балаларға да қол жұмсай бастағанын айтып отыр. Жұмыс істемеген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.