Зейнетақы мөлшерінің жеткілікті шегі көтерілмейді
20-35 жас аралығындағы азаматтар шамамен 1 трлн теңге алып шыққан.
2026 жылы Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты мерзімінен бұрын алу үшін қажетті жеткіліктілік шектері көтерілмейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол жыл басынан бастап ең төмен жеткіліктілік шегінің (ЕЖШ) қазірдің өзінде көтерілгенін еске салды.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев соңғы бес жылда тұрғындардың зейнетақы жинақтарынан шамамен 5 трлн теңге алғанын хабарлаған болатын. Оның ішінде 20-35 жас аралығындағы азаматтар шамамен 1 трлн теңге алып шыққан.
ЕЖШ-ны көтеру қажеттігін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 10 ақпанда жақтаған еді. Оның айтуынша, бұл зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.