Әлеумет

Астанада фельдшерге шабуыл жасалған

Шабуыл жасаған — 47 жастағы қала тұрғыны.

Астанадағы Психикалық денсаулық орталығына келуші қабылдау бөлімінің фельдшеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 3 сәуірде болған. Ер адам ауруханаға жатқызылған туысымен дереу кездесуді талап еткен, алайда өз мәліметтерін айтудан бас тартқан. Кезекші фельдшер оны қабылдау уақытында келуін сұрағанда, ол медицина қызметкерін ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жарақат алған фельдшер бас-ми жарақатын және дене жарақаттарын алған.

Шабуыл жасаған — 47 жастағы қала тұрғыны. Оны ізін суытпай полиция қызметкерлері ұстады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.