Қоғам

Ақтөбе қаласында әкімдік ғимараты өртенді

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе қаласында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Төтенше жағдайлар министрігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеуде..Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталды. Өрттің аумағы нақтылануда.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.