сенбі, 4 сәуір, 2026 23:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Louis Vuitton және Nesquik сауда белгілерін заңсыз пайдалану фактілері анықталды

Louis Vuitton және Nesquik сауда белгілерін заңсыз пайдалану фактілері анықталды
ҚР Әділет министрлігі
Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді.

Алматыда құқық қорғау органдары Louis Vuitton және Nesquik сауда белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әлемге танымал брендтердің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды анықтау және оның жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Алматы қаласы gолиция департаментімен (rиберполиция) бірлесіп жүргізілген тексеру барысында «Nesquik» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қала аумағында тіркелген тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану арқылы өнімдер өткізілген. Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 4 миллион теңгеден асатын 2000-нан астам заңсыз өнім тәркіленді.

Сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментімен жоспардан тыс тексеру шеңберінде «Louis Vuitton» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Өнімдердің сапасының төмен екені және заңнама талаптарын бұза отырып сатылғаны белгіленді. Заңсыз айналымнан жүздеген контрафактілік өнім тәркіленді.

Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жолданды.

Әділет органдары жүргізіп отырған жұмыс адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға және контрафактілік әрі әлеуетті қауіпті өнімдердің айналымының алдын алуға бағытталған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар