Саясат

Президент Игорь Алтушкинді қабылдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.