"Жеке басымнан өтіп жатқан дүниенің бәрін экраннан қалай айтамыз?" Медеу Арынбаев отбасы туралы сыр шертті
Балаларының болашағына көбірек көңіл бөліп жүргенін атап өтті.
Танымал әнші Медеу Арынбаев “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, тыңдармандары оның отбасылық жағдайына жиі қызығушылық танытып, «Қашан үйленесіз?» деген сұрақты көп қояды. Әнші мұндай сәттерде әзілмен жауап беретінін айтты.
Сондай-ақ ол бүгінде басты арманы – балаларының бақытты болғанын көру екенін жеткізді. Айтуынша, ұл-қыздары есейіп, өз алдына шаңырақ көтеретін жасқа жеткен.
Әнші қазіргі таңда жеке өмірінен гөрі, балаларының болашағына көбірек көңіл бөліп жүргенін атап өтті.