сенбі, 28 наурыз, 2026 16:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ризабек Айтмұқан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

Ризабек Айтмұқан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Ташкент қаласында өткен PWL 11 турнирінде жеңіске жетті.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесуде ресейлік Алихан Кцоевпен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.

Кездесу барысында қазақстандық балуан 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, айқастың соңғы сәтінде есепті теңестіріп, белдесудің аяқталуына 5 секунд қалғанда шешуші ұпайға қол жеткізді.

Бұған дейін 13 ақпанда Бішкек қаласында өткен Super 4 Wrestling турнирінде де Ризабек Айтмұқан Алихан Кцоевті жеңген болатын.

Сонымен қатар, аталған турнирде грек-рим күресі бойынша 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Ислам Евлоев беларусьтік Кирилл Маскевичке 1:2 есебімен есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Ризабек Айтмұқан – Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар