сенбі, 28 наурыз, 2026 17:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаева Наркенже Серікбаеваға сақинасын сыйға тартты (видео)

Айнұр Тұрсынбаева Наркенже Серікбаеваға сақинасын сыйға тартты (видео)
Фото: Видеодан скриншот
Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевадан бағалы сыйлық алды.

Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, өнерлі жұп Жанболат пен Жазираның шаңырағындағы тойда Айнұр әпкесі қолындағы 5 карат гауһар тасы бар әшекейді шешім бергенін айтты.

“Жанболат аға мен Жазира әпкенің тойына келіп, Айнұр әпкеден мынандай бриллиантты сыйлыққа алдым. “Жұғысты болсын” деп өзі оң қолынан шешіп берді. “Менен қайсысын қалайсың?” деп сұрады, мен осыны таңдадым”, – деді ол.

Әнші сондай-ақ видеоға Айнұр Тұрсынбаева жайлы жылы жазба қалдырған.

“Өмір жолында, өнер жолында жақсы адамдарды көп жолықтырдым. Жақсыдан шарапат деген, жақсылықтарын көрдім. Дана халқымыздың жақсы бір сөзі бар, жақсыға жанас, жаманнан адас деген…
Сол жақсыларымның бірі де бірігейі – Айнұр әпкем. Айтыстың аңызы. Мыңдаған, миллиондаған жандарға жақсылық жасап, білгенімен бөлісіп, тамшыдай болса да талайларға қуаныш сыйлаған кең жүректі кісі. Ыстамбұлға қаншама рет шақырып, өнерімді өрістеткен, самғауыма себепкер болған жақсы адамым!” – деп жазды ол.

Өнер иесі айтыскер ақынға дегена ризашылығын жасырмады.

“Сыйласына сырғасын, қимасына қолындағы барын бере салатын қазақтың жомарт қызы. Кешегі Алматыда өткен Жанболат пен Жазира аға-әпкемнің тойында көрісіп, қуанып қалдық. Себепсіз бриллиант сыйлап мәз қылып қойды. Алла пейіліңізге берсін! Аман жүріңіз! Алла жар болсын!” – деп жазды ол.

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар