Түркістан облысында екінші сынып оқушысының жоғалғанына төртінші тәулік болды
Бала суға құлап, өзен ағысы алып кеткен.
Түркістан облысында Жаннұр Тұрсынбектің жоғалғанына төртінші тәулік толды. Ол 23 наурызда Абай ауылында жоғалып кеткен: бала суға құлап, оны өзен ағысы алып кеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға кешкі сағат бестер шамасында болған. Екінші сынып оқушысы басқа балалармен бірге ойнап жүріп, бір сәтте аяқ киімін арыққа түсіріп алып, соның соңынан жүгірген. Ол тайып кетіп, суға құлаған және қайта шыға алмай қалған, ағын оны өзенге қарай әкеткен. Қасында болған балалар оқиғаның қалай болғанын өз көздерімен көрген.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Олардың сөзінше, арық тым аласа әрі ешқандай қоршауы жоқ. Балалар ол жерге еркін түсе береді.
Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарының белсенді жүріп жатқанын алға тартады.
Барлық күш-жігерге қарамастан, бала әлі табылған жоқ. Оның ата-анасы таң атқаннан күн батқанға дейін арық жағасында, бала жоғалған жерден кетпей отыр.