жұма, 27 наурыз, 2026 14:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды

Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды
коллаж: turkystan.kz
ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Гүлайым Рахмоноваға қатысты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Соттың ақпаратынша, 2025 жылғы 27 шілдеде сағат 8:30 шамасында Р. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін басқарған. Шаршаған күйінде болған Р. жол ережесін бұзды, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шықты, содан кейін оның көлігі аударылды. 

"Нәтижесінде, 2 жолаушы (сотталушының досы мен әпкесі) өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан қайтыс болды, сотталушының өзі ауруханаға жатқызылды.  Жәбірленуші тараптар сотталушыны кешірді, талап арыз бермеді, (қайтыс болған досының әкесі) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады, (сотталушының әпкесінің жұбайы) соттан жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады", - делінген хабарламада. 

Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар. Сот жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады, ауырлататын мән-жайлар анықталмады. 

Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар