Қоғам

Жұмадағы ауа райы: дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстанның 15 облысында жұма күніне дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Өңірлер бойынша ауа райы болжамы:

Ұлытау облысы: 27 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы: Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Желдің екпіні облыстың оңтүстігінде 15 м/с жетеді. Қарағанды қаласында кей уақыттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысы: Батыс, оңтүстік және орталық аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста тұман, күндіз солтүстік-шығыс пен орталықта шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысы: Күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы: Облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында күндіз жел 15 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысы: Батыста тұман түсіп, шығыста желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысы: Оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман, солтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысы: Шығыста және таулы аудандарда желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысы: Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Павлодар қаласында 26-29 наурыз аралығында ауаның ластануына байланысты бірінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Абай облысы: Солтүстікте көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстікте көктайғақ пен тұман күтіледі. Күннің жылынуына (5-13°C) және жауын-шашынға байланысты қардың қарқынды еруі, өзендерде су деңгейінің көтерілуі және су басу қаупі бар.

Қостанай облысы: Солтүстік пен шығыста тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Петропавлда да тұман мен көктайғақ болады.

Ақмола облысы: Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Көкшетауда тұман, Астанада жолдарда көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы: Батыс, солтүстік және шығыс аумақтарда тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.