"Досымыздың басына қиын жағдай түсті": Самат Смақов көпшіліктен көмек сұрады
- авторОймақ
- Бүгін, 07:44
- 103
Қазақстандық танымал футболшы, кейінгі кезде бапкерлікпен айналысып жүрген Самат Смақов өзінің футбол жейдесін аукционға шығарды. Ол дертке шалдыққан Олжас Мырзамұратқа көмектескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
«Достар, біздің бауырымыздың басына қиын жағдай түсті. Олжас Мырзамұрат — Қазақстан футбол федерациясының, «Тараз» және «Қайрат» клубтарының бұрынғы қызметкері — ақпан айында ауыр инсульт алды. Қазір жағдайы күрделі, және ол біздің көмегімізге мұқтаж. Мен Португалия құрамасына қарсы, Криштиану Роналдумен ойнаған кезде киген Қазақстан құрамасының жейдесін аукционға қоямын. Түскен барлық қаражат Олжасқа көмек ретінде жіберіледі. Бағаларыңызды пікірге жазыңыздар — ең жоғары баға ұсынған адам жеңімпаз болады. Кез келген көмек маңызды», - деп жазған.

Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






