FIFA президенті Қазақстанға жылы лебіз білдірді
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
FIFA президенті Джанни Инфантино Қазақстанға қатысты жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ол Астанада өтіп жатқан FIFA Series турнирінің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, әсіресе Қазақстан мен Намибия құрамалары арасындағы матчты ерекше атап өтті. Еске салайық, бұл кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Инфантино әлеуметтік желідегі жазбасында жанкүйерлердің белсенділігі мен матчтың тартысты өткенін айтып, турнирдің басты құндылығы – елдерді біріктіру екенін жеткізді.
Сонымен қатар FIFA басшысы Қазақстан футбол федерациясына алғыс білдіріп, Намибия құрамасына да құрмет көрсетті.
Айта кетейік, FIFA Series – 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа халықаралық турнир. Оның аясында әлемнің әртүрлі қалаларында рейтингтері шамалас құрамалар кездеседі.
Қазақстан бұл жарысты қабылдаған алғашқы елдердің бірі болды. Турнир аясында 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары кездессе, 31 наурызда Қазақстан құрамасы Комор құрамасына қарсы ойнап, жарысты қорытындылайды.