Қоғам

Алматыдағы көлік апаты: жаңа мәліметтер пайда болды

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі 100baksoff_almaty парақшасында жарияланған.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі 100baksoff_almaty парақшасында жарияланған.

Оның айтуынша, аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Zeekr көлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде жатқандықтан, одан әлі жауап алынбаған.

Сондай-ақ, ол оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін атап өтті.