Әлеумет

Павлодарда "жаңа туған сәбиін өлтірді" деп айып тағылған қызға үкім шықты

Сот екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірді деп айыпталған студент қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Ulysmedia.сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 19 жастағы студент қыз туыстарының сөгісінен қорқып, жүктілігін жасырып, дәрігерге жүгінбеген. Бойжеткен бір жарым жыл бойы жігітімен қарым-қатынаста болған. Жүктілігі белгілі болған кезде жігіт балаға жауапкершілік алудан бас тартқан.

2025 жылдың қазан айында жатақхананың жуынатын бөлмесінде босанған.

Сот үкімінде көрсетілгендей, босанғаннан кейін психологиялық күйзеліс жағдайында болған қыз сәбидің жылаған дауысы естіліп қалады деп қауіптеніп, қылмысқа барған.

Іс «психотравмалық жағдайда анасының жаңа туған баласын өлтіруі» бабы бойынша қозғалған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сот екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.