Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жаңа хатшысы тағайындалды
Бұл қызметке Мохаммад Багер Зольгадр келді.
Мохаммад Багер Зольгадр Иран президентінің жарлығымен Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің жаңа хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы президент әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы Мохаммад Мехди Табатабаи мәлімдеді.
Айта кетейік, Зольгадр бұл қызметте 17 наурыз күні Израильдің әуе соққысы салдарынан қаза тапқан Али Лариджанидің орнына келді.