сейсенбі, 24 наурыз, 2026 19:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.

Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев Қазақстан Бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы дүниеге келген. Бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ «Парасат» орденінің және Вэл Баркер кубогының иегері.

Серік Сәпиев енді ұлттық құраманың нәтижесін жақсартуға, спортты жүйелі түрде дамытуға, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету үшін жұмыс атқарады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар