"Өрмекші адам" қазақстандық блогерге алғыс айтты
Ал Дастан жаңа трейлердің эксклюзивті тизерін жариялаған алғашқы қазақстандық блогер атанды.
Әйгілі актер, «Өрмекші адам» рөлімен әлемге танылған Том Холланд қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымға алғысын жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Том Холланд ойнайтын «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі 2026 жылғы 30 шілдеде кинотеатрларда прокатқа шығады.
Дастан Мұхамедрахым аталған фильмнің трейлерін таныстыруға арналған бірегей халықаралық кампанияның қатысушысы атанды.
Бұл фильмнің трейлері алғаш рет бөліктерге бөлініп, әлемнің әртүрлі елдеріндегі жанкүйерлер мен инфлюенсерлердің жеке парақшасына жариялау мүмкіндігі берілді. Әр қатысушы фильм трейлернің бөлігін өз парақшасына жариялап, эстафетаны келесі қатысушыға тапсырады.
Ал Дастан жаңа трейлердің эксклюзивті тизерін жариялаған алғашқы қазақстандық блогер атанды.