33 жыл отасқан жұп отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті.
Өнер иелері әр баланың мінезі әртүрлі болатынын, бірақ дұрыс тәрбие бәріне ортақ негіз қалыптастыратынын айтты.
— Үш баламыз бар. Димаш, Раушан, Әбілмансұрдың өмірге көзқарасы ұқсас болғанымен, мінезі әртүрлі. Димаш — өткір, қайсар, жүрегі жұмсақ. Раушан — тиянақты, жауапкершілігі жоғары. Мансұр — қиялшыл, кітапқұмар. Үшеуі үш бөлек болғанмен, бауырмал. Ең бастысы — баланың жүрегіне бауырмалдық пен адамгершілікті сіңіру, — деді Қанат Айтбаев.
Сонымен қатар әнші тәрбие берудегі еркіндік пен тәртіптің тепе-теңдігі жайлы айтты.
— Қытай халқында «бала кішкентай кезінде қателік жасаса, ол ата-ананың кемшілігі» деген ұғым бар. Баланы жүгенсіз өсіруге болмайды. Қазақ тәрбиесі де осыған негізделген. «Әкең келе жатыр» деген сөздің өзі тәртіптің белгісі. Баланы шектен тыс еркіндікке жібермей, бағыт-бағдар беріп отыру қажет, — деді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Давид Лория қызметінен кетті
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау орталығы бірігеді – министр
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2026
«Қорқыныш пен уайым көбейді»: Төреғалидің әйелі жетінші жүктілігі туралы айтты
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2026






