Қоғам

Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ведомствоның жоспарланған рақымшылыққа қатысатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Министр сонымен қатар «қауіпті қылмыс жасағандар, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипатындағы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар мен азаптаушылар, сондай-ақ рецидивистер мен іздеуде жүрген адамдар амнистияға ілікпейтінін» айтты.