сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 13:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды

Рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болды
Сурет: Рixabay
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ведомствоның жоспарланған рақымшылыққа қатысатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Амнистия туралы заң қабылданғаннан кейін оны іске асыруға қатысамыз. Амнистия азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қолданылады деп болжануда», - деді министр Үкімет отырысында.

Министр сонымен қатар «қауіпті қылмыс жасағандар, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық сипатындағы, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар мен азаптаушылар, сондай-ақ рецидивистер мен іздеуде жүрген адамдар амнистияға ілікпейтінін» айтты.

«Бұдан бөлек, әкімшілік амнистия аясында жеке тұлғалардың орындалмаған айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарастыру жоспарлануда. Мұндай тұлғалардың санаттары, айыппұлдарды есептен шығару мөлшері мен тәртібі заң жобасын дайындау кезінде уәкілетті органмен егжей-тегжейлі пысықталатын болады», - деп толықтырды Ержан Сәденов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар