Саясат

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Жаңа конституциямыз құтты болсын!

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияның қабылдануына орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде құттықтады.

Бүгін Конституцияны қабылдауға арналғансалтанатты жиында Президентіміз Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев бүкіл халық атынан Ата Заңымызғақол қойды. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның жаңаКонституциясы қабылданды. Бұл – егемен еліміздіңшежіресіне алтын әріппен жазылатын аса маңыздытарихи оқиға.

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа АтаЗаңымыз – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты. Конституцияда мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұраты мен ұлтымыздың келешек тағдырына тікелейәсер ететін басымдықтар айқындалып отыр. Бұл жол– халықтың таңдауы. Шын мәнінде, жалпыұлттықреферендум ел бірлігінің, азаматтықжауапкершіліктің және реформаларға деген сенімніңжарқын көрінісі болды. Халық жаңғыру мен жаңаружолын таңдау арқылы дәйекті дамудың берік негізінқалады.

Әрине, бұл – қуатты, жасампаз, бәсекеге қабілеттіҚазақстан қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Десек те, Мемлекет басшысы айтқандай, біз еліміздіжан-жақты жаңғыртуды енді ғана бастадық. Сондықтан алдымызда жаңа Конституциядантуындайтын ауқымды міндеттер тұр. Осығанбайланысты бүгін Президентіміз Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев 2026 жылғы 15 наурыздақабылданған Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын іске асыру жөніндегі шаралартуралы Жарлыққа да қол қойып, Ата Заң ережелерінжүзеге асырудың негізгі бағыттары мен шараларынайқындап берді.

Соған сәйкес Парламентке бірқатар маңыздыміндет жүктеліп отыр. Атап айтқанда, Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі жәнееліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңабес конституциялық заң қаралады. Сондай-ақбірқатар конституциялық заңға және қолданыстағызаңдарға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулеренгізіледі.

Мемлекет басшысы заң шығару үдерісі алдағыПарламент сайлауымен қатар жүретінін айтып, жаңасессияның ашылуына дейін тиісті заңнамалық база әзірлеуді тапсырды.

Президентіміз бүгінгі іс-шарада азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтінбірқатар қылмыстық және әкімшілікқұқықбұзушылық бойынша рақымшылық жариялаумәселесін де көтерді. Елімізде әкімшілік істербойынша рақымшылық алғаш рет жасалатындықтанПарламентке қазіргі сессияның соңына дейін тиістізаң қабылдау жүктеліп отыр.

Мемлекет басшысының бұл бастамасы АтаЗаңдағы адамгершілік идеалдар мен прогрессивтіқұндылықтарды қоғамда берік орнықтыратынмаңызды тетік екені сөзсіз. Парламент, оның ішіндеСенат Президентіміз белгілеп берген басымдықтардысапалы орындау және тиісті заңдарды уақтылықабылдау үшін барлық қажетті жұмысты жүйелітүрде жүзеге асырады.

Жалпы, Халық Конституциясы – тек құқықтыққұжат емес. Ол – қазіргі сын-қатерлерді ескереотырып, стратегиялық дамуға жол ашатын жаңақоғамдық келісім. Сондай-ақ жаңа Ата Заң – жасбуынның игілігі үшін қабылданған тағдыршештішешім. Президентіміз атап өткендей, бүгін қолқойылған Конституция – келер ұрпақпен бірге жасайберетін қасиетті құжат.

Сондықтан ендігі кезекте тұтас ел болып, береке-бірлігімізді сақтай отырып, Ата Заңымызды іскеасыруға атсалысуымыз керек. Тәуелсіздікті күшейту, мемлекеттілікті нығайту және ұлттың жаңа сапасынқалыптастыру жолында әрқайсымыз белсенділіктанытуға тиіспіз. Себебі, Әділетті Қазақстанды құру– баршамызға ортақ міндет.

Осы жолда ырыс-ынтымақтың озық үлгісінкөрсетіп, көздеген мақсаттарымызға бірге қолжеткіземіз деп сенемін.

Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!