"Кеуде тұсы ауыр жарақаттанған": Атыраудағы оқушының жағдайы белгілі болды
Шабуыл фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Атыраудағы Binom мектебіндегі шабуылдан зардап шеккен сегізінші сынып оқушысы бірнеше жарақат алған, мойны, кеуде қуысы және қолы жараланған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, ең ауыр жарақаттар кеуде тұсынан болған. Науқастың жағдайы әлі де орташа ауыр деп бағалануда. Кеше ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.
Еске сала кетейік, 13 наурызда Атырау қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы Binom мектебінде тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын өткір затпен жаралаған болатын.
Жасөспірім ұсталды, шабуыл фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.