Қоғам

Айт намазы кестесі жарияланды (фото)

Ораза 19 ақпанда басталды және 19 наурызда аяқталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан бойынша Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz 

"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылды. Ораза 19 ақпанда басталды және 19 наурызда аяқталады.