Хамитовқа қанша сыйақы берілетіні белгілі болды
Ербол Хамитов Миланда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын, бір қола медаль жеңіп алған еді.
Ал алтын үшін берілетін сыйақы көлемі мұнан бірнеше есе көп, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұған дейін қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында командалық есепте 18-орынға жайғасқан.
Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль жеңіп алған спортшы Ербол Хамитов жалпы шамамен 160 миллион теңге көлемінде сыйақы алады.
Чемпионға алтын медаль үшін мемлекеттен 250 мың доллар (шамамен 122 млн теңге) төленеді. Қола медалі үшін 36 миллион теңге тағы түседі.