Әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еркекке қатысты үкім шықты
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
2025 жылдың тамыз айында сотталушы Қостанай ауданындағы саяжай учаскесінің аумағында болған. Жәбірленуші әйелмен жанжал кезінде ол әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Соның салдарынан жәбірленуші денесінің 30–35% бөлігін термиялық күйік шалып, бұл өмірге қауіпті белгісі бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиян ретінде бағаланған.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, жазаны бап санкциясының ең төменгі шегінде тағайындауды сұрады.
Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар, сот жәбірленушінің материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талабын қанағаттандырды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.