жексенбі, 15 наурыз, 2026 10:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылордада 105 жастағы қария дауыс берді

Қызылордада 105 жастағы қария дауыс берді
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ғасыр жасаған қария саясм науқанға қатысып, азаматтықтың белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері, 105 жастағы Яхия Тасыров дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ғасыр жасаған қария ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Бүгінде ол облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде үлкен құрметке ие.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» десек, бейбіт күннің қадірін терең түсінетін ардагердің ақ батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды.

Қарт майдангер елдің тұрақтылығы мен болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтіп, мұндай саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

«Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әркім өз таңдауын жасауы керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», – дейді қария Яхия Тасыров.

Ардагердің бұл игі ісі жастарға үлгі болып, ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар