сенбі, 14 наурыз, 2026 9:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркия Ираннан ұшырылған зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді

Түркия Ираннан ұшырылған зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді
depositphotos.com
Ведомство оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті елмен байланыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Түркия Қорғаныс министрлігі 13 наурыз, жұма күні Ираннан ұшырылған тағы бір баллистикалық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Anadolu Agencyдерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Ираннан ұшырылып, Түркияның әуе кеңістігіне енген баллистикалық зымыран NATO-ның Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан әуе қорғанысы және зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері арқылы бейтараптандырылған.

Еліміздің аумағы мен әуе кеңістігіне бағытталған кез келген қауіпке қарсы барлық қажетті шаралар батыл әрі кідіріссіз қабылданады, – делінген Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Ведомство оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті елмен байланыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Аймақтағы барлық жағдай мұқият бақылауда. Бұл ретте елдің ұлттық қауіпсіздігі басты назарда, – деп мәлімдеді министрлік.

Түркияның Savunma Sanayiпорталының жазуынша, жойылған баллистикалық зымыран Инджирлик авиабазасы бағытында ұшқан.

Бұл – Түркия аумағында атып түсірілген Иранның үшінші зымыраны. Бұған дейін Түркия Қорғаныс министрлігі 4 және 9 наурыз күндері Ираннан ұшырылған тағы екі баллистикалық зымыранның жойылғанын хабарлаған.

Айта кетейік, Түркияның шығысындағы Инджирлик авиабазасында АҚШ-тың тактикалық ядролық қаруы – B61 nuclear bomb бомбалары сақталған. АҚШ-та мұндай шамамен 200 бомба бар, оның 100-ге жуығы НАTO-ға мүше бес елдегі алты әскери базада, соның ішінде Түркияда орналастырылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар