«Қайсар Арена» стадионында OPEN AIR форматындағы шара өтті
Қызылорда облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін «Қайсар арена» стадионында жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air форматындағы шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі Ақерке Искандерова қатысты.


Жиында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қорқыт ата университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов сөз сөйледі.
Сахна төрінде эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.
«Қайсар аренаға» жиналған жұртшылық тек қана концерт тамашалаған жоқ, елдің ертеңі туралы ой бөлісті. Өз таңдауын жасаудың, ел болашағына үлес қосудың маңызын ұғынды.
Референдум – демократиялық қоғамның ең басты тетіктерінің бірі. Сондықтан шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бүгінгі кеш жауапкершілікті сезінетін белсенді жастардың, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосқан ерекше кездесу болды.