Руханият

Шығыс пен батыстың ақындары командалық айтыс өткізеді

Айтыс 19 наурыз – Жаңару күніне тұспа-тұс келіп отыр.

Батыс Қазақстан облысының айтыскер ақындары мен өнерпаздарынан құралған делегация Семейге келеді.

Абай атындағы театрда өтетін бұл рухани шараға кез келген азамат кіру құқығына ие. Бірақ, белгілі бір шарттары бар. Мәдени нысанның орын саны 500 адамға шақталғандықтан, әрбір азамат театр кассасынан 2 дана тегін шақыру билетін алуына болады.

Қолында арнайы билеті бар азаматтар ғана театрда өтетін айтысқа кіргізіледі.