Астанада блогерлер Жанәбіловтерге қатысты сот процесі басталды
Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.
13 наурызда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогер жұп — Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.
Соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген.
Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырған.
Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.