Елордадағы емханада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астанадағы №11 қалалық емханада жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында медицина саласына қатысты жаңашылдықтар мен алдағы референдум мәселелері талқыланды.
Кездесуге №1 көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Ербол Сәрсенбаев, қоғам қайраткері Фарида Даримова, Қазақстан Халық партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің маманы Мағжан Молдахмет және «Ақ жол» партиясының өкілі Жанаргүл Құлмағамбетова қатысты.